90 жастағы сайқындық Нұрипа әже таңдауын жасады.
Жәнібек ауданында дүниеге келген Нұрипа әжей саналы ғұмырын Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында өткізген.
Әр жылдары шойын жолда, ішкі істер бөлімінде, ауылдағы Мәншүк Мәметова атындағы мектепте қызмет жасаған.
- Талай сайлау өтті. Аудан әкімін өзіміз таңдаймыз деп кім ойлаған? Бұл да бір заманның озғаны ғой. Ел сеніміне ие болған жаңа басшы көптің үмітін ақтасын, - деді Нұрипа әже.
Бөкей ордасы ауданы бойынша үйден дауыс беруге 63 адам өтініш білдірген.
Түгелбай Бисен,
Фотоға түсірген: Замир Габдрахманов
zhaikpress.kz