10.11.2021, 16:30
Оқылды: 103

96 мың жүргізушіге көлік салығы қайта есептеледі

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев 96 мың көлік иесіне салық қайта есептелетінін айтты. Мұндай норма Мәжілісте талқыланып жатқан Салық кодексіне енгізілген өзгерістер аясында қарастырылып отыр.

231A7AA0-FC49-462E-9F58-B64E125647C4

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, халық арасында газель аталып кеткен автокөліктерге салынатын көлік салығы қазіргідей қозғалтқыш көлеміне емес, жүк көтергіштігіне байланысты белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленеді. Норма шамамен 96 мың көлікке әсер етеді. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан қайта есептеледі.

"Заңды тұлғалардың 2021 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 5 шілдесінде аяқталды. Ал жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 2022 жылдың 31 наурызында аяқталады. Сондықтан салық төлеген көлік иелері үшін оны қайта есептеу қажет. 2021 жылдың салығын төлеп қойғандарға салықты қайта есептеу қалай ұйымдастырылады", - деп сұрады депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, көлік иелері үшін көлік салығы шынымен азаяды.

"Мәселен, (қозғалтқыш көлемі. - ескерт.) 3,5 мың текше сантиметр көлік үшін салық 136 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілді. Бұл мөлшерлеме 2021 жылдың басында енгізіледі. Есепшоттарды, ақпараттық жүйелерді біріктіруіміз керек, оған N1 белгісі қойылады. Бұл белгі пайда болғаннан кейін салық ставкалары төмендетілген, яғни жүк көлігіне қатысты қолданылады, өтініш бойынша салық қайтарылады", - деп жауап берді Сұлтанғазиев.

Заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале