12.06.2023, 9:45
Оқылды: 30

Абай облысындағы өрт: үш ауыл тұрғындары эвакуацияланды

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өртке байланысты 3 ауылдың тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

1983528a-c869-4398-b6c4-ec4a7699c7c9

Фото Абай облысы әкімдігінің telegram каналынан

«Бүгінгі таңда Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары – 150-ге жуық адам, орналасқан», - делінген Абай облысы әкімдігінің мәліметінде.

Қалада барлығы 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.

Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар табиғи апат аймағында қалған адамдар өрт болған жерде әкімдік волонтерлермен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп жатқанын айтуда.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале