17.04.2025, 14:30
Оқылды: 442

Абайлыңыз, жалған ақша!

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаментімен шетел валютасын ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша айыпталған И. азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп- тексеру аяқталды.

pexels-photo-3483098

Сурет: pexels.com

2024 жылдың күзінде азамат И. 25 000 АҚШ доллары және 10 000 евро мөлшерінде жалған шетел валютасын әрі қарай пайдалану мақсатында сатып алған.

Осылайша, 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында  аталмыш жалған шетел валюталарын теңгеге айырбастау арқылы  азамат И. Лото клуб қосымшасындағы шоттарды толықтырған.

Әрі қарай ұтыс ойнының оқиғаларына бәс тігу нәтижесінде азамат И. ұтысты ҚР-ның ұлттық валютасында  яғни теңгемен алған.

Осылайша жасалған алаяқтық әрекеттер нәтижесінде азамат И. 14 млн. теңге қаражатты заңсыз иемденген.

Айыпталушының бұл әрекеттері ҚР ҚКнің 231 бабы (жалған шетел валютасын өткізу) және 190 баб (алаяқтық) бойынша сараланып, сотқа мәні бойынша қаралу үшін жолданып, қазіргі таңда қылмыстық іс Орал қаласының сотында қарастырылуда.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі аталған жалған шетел валюталарын шығу тегін және оларды жеткізу каналдарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Сонымен қатар, департамент жалған валюталарды өткізу үшін ауыр қылмыстық жауапкершілік көрсетілгенін еске отырып, азаматтарды валюталық операцияларды жүргізу барысында сақ болуға шақырады.

Сондай ақ заңды және тәртіпті сақтау мақсатында департамент ескертеді:

Егер сіз күдікті банкнотаны анықтасаңыз, ешбір жағдайда онымен дүкендерде, сауда орталықтарында немесе қоғамдық көлікте төлем жасауға тырыспаңыз.

Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес  жалған банкнотаның кез келген өткізу әрекеттері қылмыс болып табылады.

Бұндай жағдайда банкнотаның шынайы немесе жалған екенін анықтау үшін, жалған банкнотаны банкке өткізу қажет. Егер банкнота жалған болса, банк сізге оны айырбастамайды, бірақ сіз заң алдында адал боласыз.

Сонымен қатар, жалған банкоталарды анықтау фактісі бойынша, сіз БҚО бойынша ЭТТДнің сенім телефонына 8 7112 53 84 27 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

 

Асылбек Дүйсенов,

Батыс Қазақстан облысы бойынша

экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале