Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің отырысында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты.
Фото: видеодан кадр
«Депутат ретінде ғана емес, тұтынушы ретінде де пікір білдіргім келіп отыр. Салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Себебі тек бір компания – Air Astana үшін ғана барлық жағдай жасалған. Мәселен, Scat-тың рейсін неге бірнеше сағат күтеміз осы? Бұл жағдай адамдардың ашу-ызасын туғызады. Ал Scat қызметкерлері болса, барлық жағдай тек Air Astana үшін ғана жасалып жатқанын айтады. Елімізде арзан бағамен тасымалдаушылар пайда болуы үшін әуе кеңістігіміз бәсекеге қабілетті болуы керек», – деді ол.
«AMANAT» партиясының
telegram каналынан