1.12.2022, 9:31
Оқылды: 100

«Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі»

Қадыр Мырза Әли көшесі, 18 мекенжайында орналасқан облыстық Жастар және оқушылар сарайында форум өтті.

http.syujanka.kzwp-contentuploads2021086033afc52c481

«Форум» дегеніміз не? «Бұл сөзді ежелгі римдіктер күнделікті өмірге енгізген. Ертеде тұрғындар өзекті мәселелерді талқылау үшін, даулар мен жеке пікірлерін айту үшін жиналатын орын форум деп аталды. Көп жағдайда бұл қаланың басты алаңының атауы болған»  деп түсінік береді Google деген білгіш.

Біздің ұғымымызда форум деген үлкен жиын, белгілі бір мақсатта басқосу болып естіледі. «Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі»  деген тақырыпты, басқаша айтқанда, «Болашақты қалай жарқын етеміз» деген тақырып төңірегіндегі мәселелерді  талқылау мақсатында жиылған  бұл форумға облыс аудандарынан, қала мектептерінен оқушылар арнайы шақырылыпты.

Спикерлер ретінде облыстық білім басқармасынан,  жемқорлыққа қарсы күрес құрылымдарынан,  спорт саласынан мамандар  форум жұмысына тартылған екен. Солардың бірі – осы жолдардың авторы. Ортақ тақырыптың өзегі – бүгінгі таңда дендеп тұрған жемқорлық атты жамандықпен күрес барысы, алдын алу жолдары...

Таза бұлақтай сылдыраған балалармен қоғамымыздың осы бір лас тұсын талқылау оңай болмас деп келгенмін. Сөйтсем,  бүгінгідей пердесіз де пернесіз интернеттің заманында балаларымыз бұл жағдайды бес саусақтай білмегенімен, біраз мағлұматқа қанық сияқты. Тіпті «Жемқорлыққа қарсы күрес» еріктілер клубтары жұмыс жасайды екен біраз мектепте. Бұл құптарлық жайт па, әлде балалардың құлағын ерте үйретіп, жандарын қатайтып  аламыз ба, қайдам...  Ұрпақ адал болады ғой ұрпақ (жас) кезінде... Әңгіме ересектерде. Психологияда баланың қалыптасуындағы  «өтпелі кезең» деп атайтын 13-14 жас шамасы туралы түрлі-түрлі ұғым бар. Соның ішінде менің көңіліме қонатыны:  өмірге періштедей пәк күйінде келген нәресте бірте-бірте пендеге тән мінез-құлықты бойына сіңіре бастайды.  Еркелік, өзімшілдік,  тентектік, бұзықтық... т. б. Оның бәрін үйрететін ата-ана, үй-іші, қоршаған орта. Сөйте-сөйте «өтпелі кезеңге» келгенде баланың бойындағы ақ пен қара, яғни оң мен теріс тепе-тең белдеуге жақындайды. Әрі қарай қай мінез-құлық күш алса, жас өмір сол бағытта дамиды. Қазақтың «Ұл өссе, ұлы жақсымен, қыз өссе, қызы жақсымен көрші бол» дейтіні сол шығар.  «Ғалымға ерсең,  Күндей  ашар көзіңді, Наданға ерсең,  қараңғы көр боларсың» деп Түркімен әдебиетінің классигі Мақтымқұлы жырлағандай, ұрпақтың жақсыға, жақсылыққа еруіне бас-көз болу, әрине, үлкендердің парызы. Басында айтып кеттім,  форум – баяндау емес, талқылау, талдау деп.  Кішілер үлкендерге, үлкендер кішілерге сұрақ қойып,  ашық әңгімелер айтылса, мәселенің өзегіне үңіліп,  ақи-тақи ашылса, әне,  мәніс деген сол болар еді. Сұрғылт баяндама,  сірескен есеп,  рапорт тәрізді штамптардың арасында жылт-жылт етіп «тірі» сұрақтар да көрініп қалып жатты. Соған қуандым.  Аудиторияға да жан бітіп, құлағын түре  қалады.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №142 (1 желтоқсан 2022ж) нөмірінен оқи аласыздар.

 

Дариға Мұштанова, 

«Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы,

«Парасат» орденінің иегері,

Ы.Алтынсарин белгісінің иегері,

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,

ҚР Мәдениет саласының үздігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале