17.03.2025, 11:15
Оқылды: 150

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысында Мұрат Байсаловтың төрағалығымен мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

WhatsApp Image 2025-03-17 at 12.11.40

Кеңес мүшелерінің және қатысушылардың назарына халықты әлеуметтік қорғау саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері ұсынылды. Мұрат Байсалов әлеуметтік қызметтерді ұсыну рәсімдерін оңтайландырудың, ашықтықты арттырудың және ішкі бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Кеңесте есептік кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарын мониторингтеу нәтижелері талқыланды. Төраға этикалық нормаларды сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттарын белгілеп, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты күшейтуге қатысты ұсыныстар берді.

Оқу-ағарту министрлігінің өңірлік Білім саласында бақылау департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі білім беру саласы қызметкерлері арасында бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық сананы арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпарат ұсынды.

Қорытынды сөзінде Мұрат Байсалов мемлекеттік қызметте жоғары этикалық стандарттарды қалыптастыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттерін қорғау тетіктері туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ этикалық нормалардың сақталуын бақылауды күшейту қажеттілігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, оларды іске асыру бойынша тапсырмалар берілді.

Соған қоса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерді жасау фактілері бойынша Ақжайық және Жәнібек ауданының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материалдар қаралып, Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаларды қолдану туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале