26.12.2024, 17:00
Оқылды: 18

«Әдепті болу – әрбір мемқызметшінің міндеті»: Оралда семинар-тренинг өтті

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның конференция залында облыстағы мемқызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру мақсатында семинар-тренинг өтті.

WhatsApp Image 2024-12-12 at 16.19.31

Жиынға өңірдегі лауазымды қызмет атқаратын тұлғалар қатысты. БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина семинар тізгінін ұстады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәурен Хайыров, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Серік Сүлеймен, сондай-ақ «ҚР Білім беру ісінің үздігі», жұбантанушы, ақын Үзілдік Елеубайқызы мемқызметшілердің әдеп нормалары  жөнінде  баяндама  оқып, өмір жолындағы тәрбиелік мәні зор естеліктерін айтты. Сондай-ақ  қала мен аудан әкімі аппаратының басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдері де баяндама оқып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Мемлекет басшысы стратегиялық бағыттағы үндеулерінде мемлекеттік қызметтің одан әрі жетілуіне, дамуына көп көңіл бөлуді тапсырған. Осы орайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен басқа мүдделі құрылымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалып, тиісті іс-шаралар жоспарланды. Бұл тұжырымдама Мемлекет басшысы негізге алған «Адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат», «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін», «Халыққа  құлақ асатын мемлекет» және «Адал азамат» қағидаты бойынша дайындалған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәурен Хайыров кеңінен тарқатып, айтып берді.

–  Жаңа заңнамалық бастамада мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының сервистік моделін бекіту жөніндегі міндеттерді енгізу жоспарлануда. Яғни  мемлекеттік қызметшілердің істеп жатқан жұмыстарын тек халық үшін жасалып жатырғандығын дәлелдеп, әділетті шешім қабылдау әрі бюрократиясыз жұмыс жасауға бағыттаймыз. Бұдан бөлек, тұжырымдамада мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетуге көңіл аударылды. Мысалы, бұған дейін мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік қызмет реформасының маңызды нәтижесі болды. Ол орталық пен өңірлер арасындағы лауазымдық жалақыдағы айырмашылықты едәуір қысқартуға және жалпы мемлекеттік қызметтің оң  имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұрыннан қалыптасқан мансаптық өсудің сатылас-вертикаль моделі жағдайында қызметшілердің еңбекақысы олар жоғары тұрған лауазымдарға ие болған сайын ғана өседі. Зерттеу барысында сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің жартысына жуығы кейінгі бір жылда қаржылық жағдайының тоқырағанын, қаржылық қиындықтарға ұшырағанын хабарлады. Сондай-ақ олардың әрбір төртіншісі жағдайының нашарлағанын мәлімдеді. Бұл ретте қалыптасқан мансаптық өсудің сатылас-вертикаль моделінен дамыған елдердегідей, деңгейлес-горизонталь немесе гибридті моделіне көшу ұсынылуда. Саладағы реформаның басты бір ұсынысы да осы. Бұл модель бірдей қызметті атқаратын мамандардың жалақысының әртүрлі болуына, кәсібилігіне, біліктілігіне, жетістіктеріне қарай өсіріп отыруға мүмкіндік береді, – деді ол.

Бұдан басқа, жиында мемлекеттік қызметшілердің ар-намысын қорлауға, қадір-қасиетін кемсітуге мүмкіндік берілмейтіні айтылды. Сонымен қатар олардың кәсіби қызметіне байланысты қолсұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Нұрым Ғұмар

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале