БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 16 сағат 40 минутта Орал қаласы Жайық өзені бойында "Стелла" ауданы шамасында 2007 жылы туған жасөспірімнің суға батып бара жатқаны жөнінде хабарлама келіп түседі.
Сол маңда судағы қауіпсіздік бойынша рейд жүргізіп жүрген төтенше жағдайлар қызметкері, аға лейтенант Асар Бисаков суға шомылуға белгіленбеген жерде суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды!
zhaikpress.kz