13.08.2023, 19:11
Оқылды: 134

Аға лейтенант суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 16 сағат 40 минутта Орал қаласы Жайық өзені бойында "Стелла" ауданы шамасында 2007 жылы туған жасөспірімнің суға батып бара жатқаны жөнінде хабарлама келіп түседі. 

WhatsApp Image 2023-08-13 at 17.04.46
Сол маңда судағы қауіпсіздік бойынша рейд жүргізіп жүрген төтенше жағдайлар қызметкері, аға лейтенант Асар Бисаков суға шомылуға белгіленбеген жерде суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды!

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале