24.02.2017, 19:28
Оқылды: 43

«Агросала несиелері тым жоғары»

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қатауолла Ашығалиев мәслихат сессиясында агросаласының қолдау несиесі мәселесін көтерді.


- Мемлекет агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға мол қаржы бөлуде. Бірақ АҚШ, Германия, Польша және өзгелерінде несиелік қаржының пайыздық мөлшерлемесі - 1%, Белоруссияда - 0,15%, іргеміздегі  Ресей де биылдан бастап ауыл шаруашылығын дамытуға несиені 1 пайызбен ұсынбақ. Бұл елдерде кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымдар мемлекет есебінен салынады. Жақында агросаланы несиелейтін «ҚазАгро» холдингінің өкілдерінен несиенің 17,3 %-бен берілетінін сұрап білдім. Салыстырыңыз, 1 және 17%»,- деді бәсекелестік  жағдайында ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсету жәйін алға тартқан депутат Қатауолла Ашығалиев.

Оның айтуынша, БҚАТУ-дың жанындағы зертхананы 4 облысқа ортақ етіп, әлемдік стандарттарға сәйкес жабдықтаса,  шаруалардың маңдай терімен өндірілген өнімдері қолайлы бағаға өтер еді. Сонда тауар өндірушілер өнімдердің сараптамасы үшін қыруар ақша шығарып, АҚШ-тың зертханаларының көмегіне жүгінбес еді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале