«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев «Air Astana», «Qazaq Air» авиакомпаниялары мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қашан жекешелендірілетінін айтты.
«Қазіргі жағдайды талдай отырып, біздің компаниялардың ІРО-сына қатысты айтарлықтай қауіп барын анықтадық. Яғни қазір ІРО-ға қойылған жағдайда компаниялар баға жағынан да, көлемі жағынан да Үкімет қойған параметрлік базаларға жетпей қалуы мүмкін. Сол себепті біздің стратегия бойынша компаниялардың ұзақ мерзімді бағасына бағыт-бағдар ұстанып отырмыз. Қазақстан халқы үшін осылайша барынша табыс келетіндей жұмыс жүргізбекпіз», – деді Алмасадам Сатқалиев тікелей эфирде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. Сол себепті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Үкіметке компаниялардың жекешелендірілу мерзімін өзгерту туралы ұсыныс білдірген. «Яғни біз биыл тізімде тек төрт активті қалдыруды ұсындық. Олар: «Қазақтелеком» мен орташа көлемдегі үш актив. 2021 жылы жекешелендірілетін ірі активтердің ішінде тек «Қазпошта» пен «Самұрық Энерго» бар. Ал 2022 жылы «Air Astana» мен «Qazaq Air», сонымен бірге «Самұрық-Қазынаның» тау-кен компаниясын, 2023 жылы «Қазақстан темір жолын» жекешелендірмекпіз», – деді ол.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер