Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Оның ішінде «Үздік комикс» номинациясын жерлесіміз Жантас Набиоллаұлы жеңіп алды.
«Үздік поэзия» номинациясы бойынша «Жұмбақ арал» поэмасы – Батырхан Сарсенхан;
«Үздік проза» номинациясы бойынша «Тырнақ» әңгімесі – Айгүл Кемелбаева;
«Үздік драматургия» номинациясы бойынша «Мың мен жалғыз...» пьесасы – Талғат Теменов;
«Үздік аударма» номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллалары – Кенжебай Ахметов;
«Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Іздер құпиясы» детективтік романы – Бекен Ыбырайым;
«Үздік комикс» номинациясы бойынша «Жетпіс палуан» комиксі – Жантас Набиоллаұлы;
«Үздік кітап дизайны» номинациясы бойынша «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» – «AmalBooks» баспасы жүлдегер атанды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні Алматы қаласы, Жамбыл атындағы филармония залында өтеді.
Айта кетейік, байқау жүлдегерлеріне 5 миллион теңгеден қаржылай сыйлық табысталады. Сондай-ақ жеңімпаз авторлардың еңбектері 500 данамен жарық көретін болады.
zhaikpress.kz