16.03.2022, 12:50
Оқылды: 14

Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қарастыру керек – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200110221415625e

«Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқарады. Бүгінде азаматтар мен қоғам белсенділері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін жиі көтеріп жүр. Бұрын мен осындай құқықбұзушылықтарды криминализациялаудың орындылығын анықтауға нұсқау берген болатынмын. Бас Прокуратураға осы мәселені жан-жақты зерделеп, шешуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Конституциялық сот құруды ұсынған еді. Онда Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беруді ұсынды.

Сонымен бірге, Президент азаптаумен байланысты қылмыстарды Бас прокуратураға жүктеуді ұсынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале