18.05.2022, 10:15
Оқылды: 49

Әйелдердің вагондарына шағым түсіп жатыр – ҚТЖ

Кейбір ер адамдар Қазақстан пойыздарында әйелдер вагондарының пайда болуына байланысты шағымдана бастаған. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

02

Компания әйелдер вагондары өткен жылдың күзінде пилоттық режимде енгізілгенін және Қазақстанның 3 өңірінде 8 бағыт бойынша жүзеге асатынын еске салды.

"Өкінішке қарай, өздерінің құқықтарының бұзылып жатқаны туралы шағым жазған ер адамдар табылды. Әйелдер бұл бастаманы оң қабылдады, ал ер адамдар осындай бастаманы қолдауы керек еді.

Өте ұзақ бағыттар бар, әйелдер баласын тамақтандыру үшін қолайсыз жағдайға тап болады", - деді ҚТЖ-ның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Ол әйелдер вагондары жолаушылар тасымалына сұраныс жоғары кезеңде болмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әйелдер вагондары Алматы - Маңғыстау, Алматы-Өскемен, Алматы - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан - Шымкент және Нұр-Сұлтан - Атырау бағыттары бойынша жүреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале