29.04.2024, 9:46
Оқылды: 49

Әйгерім Сарыбай семсерлесуден Олимпиада квотасын иеленді

"Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы олимпиада квотасын еншіледі", - деп жазады Olympic.kz.

1714311979

Фото: olympic.kz

Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетті.

Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Айта кетелік, аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады.

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале