26.08.2025, 11:45
Оқылды: 149

«Айгөлек» лагері оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырды

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылындағы «мектеп – бөбекжай – балабақша» кешені жанынан биыл «Айгөлек» жазғы демалыс лагері жұмыс істеді. Лагерь маусым айынан шілде айының ортасына дейін үш кезең бойынша өткізілді.

WhatsApp Image 2025-08-26 at 11.52.38 (3)

Атап айтқанда, бірінші кезең 2-13 маусым аралығында, екінші кезең 16-27 маусым аралығында, үшінші кезең 30 маусым – 11 шілде күндері ұйымдастырылды. Үш кезең ішінде бастауыш сыныптардан 148 оқушы, орта және негізгі мектептен 24 оқушы қамтылды. Оның ішінде көпбалалы отбасынан – 27, толық емес отбасынан – 8, аз қамтылған отбасынан – 13 бала қатысты.

WhatsApp Image 2025-08-26 at 11.52.38 (4)

Оқушылар қазақ сыныптарынан «Қыран», «Балдырған», «Күншуақ», «Достық», ал орыс сыныптарынан «Звездочки», «Солнышко», «Дружные ребята» топтарына бөлінді. Әр топқа тәрбиешілері тағайындалды. Сонымен қатар мектеп психологі, музыка жетекшісі, дене шынықтыру мұғалімдері тәрбиешілермен қатар белсенді қызмет атқарды. Одан бөлек орта және негізгі мектептер жанында 5-10 сынып оқушыларына лагерьдің үш кезеңі ұйымдастырылды. Аталған лагерь спорттық, пәндік, қолданбалы, экологиялық, туристік бағыттарды  оздырылды. Оқушыларға арнап мектеп жанындағы жазғы алаңдары, тіл мектептері, пікірталас ауысымы, экскурсиялар, ынталарына қарай үйірме жұмыстары ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-08-26 at 11.53.20

Лагерь күн тәртібі таңғы 9:00-ден түскі 13:00-ге дейінгі уақытты қамтыды. Күн сайын гимнастика, ұран айту, ән орындау және түрлі ойындар ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-08-26 at 11.52.38

Бағдарлама аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар оқушыларға арнап «Менің дауысым» челленджі түсірілді, «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық әндер байқауы өткізілді.

WhatsApp Image 2025-08-26 at 11.52.38 (1)

Балалар Орал қаласындағы хайуанаттар бағы мен «Funky town» ойын-сауық орталығына, Қадыр Мырза Әли мұражайына, Х.Бөкеейхан атындағы қазақ драма театры мен Островский атындағы драма театрына саяхат жасады. Сондай-ақ мектеп кітапханасында «Кітап – білім бұлағы» атты тағылымдық сағат өткізілді. Дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық эстафета өтті.

WhatsApp Image 2025-08-26 at 11.52.38 (5)

Лагерьдің жабылу салтанатында оқушылар концерттік бағдарлама ұсынып, түрлі өнерлерін көрсетті. Белсенділік танытқан топтар марапатталып, соңында «Түрлі-түсті кеш» атты пикник өткізілді.

«Айгөлек» жазғы лагері оқушылардың бос уақытын тиімді өткізіп, танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Мөлдір Харесова,

бастауыш сынып мұғалімі,

лагерь меңгерушісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале