5.12.2023, 16:15
Оқылды: 54

Аймағамбетов: «Рейтингтерді қуалаймыз деп, бақылау жүйесін жоғалтып алдық»

Бұл туралы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша көшпелі отырыста Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 асхат ай

Фото: Асхат Аймағамбетовтың instagram парақшасынан

Депутат атап өткендей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкіметке азаматтардың еңбек қауіпсіздігіне қатысты тапсырма берген болатын.

- Бірақ қазіргі уақытта мардымды, қанағаттанатын жұмыс бар деп айту қиын. Әрине түрлі апаттардан кейін осы тақырыпты көтереміз. Жасыратын несі бар... Бұған дейін шахтадағы апаттан кейін қоғам осы проблеманы көтерді. Осы тақырып 1-2 апта бойы күн тәртібінде болды. Одан кейін назар басқа мәселелерге ауысып кетті. Енді қазір осы мәселе тиісті деңгейде шешіліп жатыр ма деген сұрақ барлығымызды мазалайды, - деді Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов Парламент депутаттары еңбек қауіпсіздігі мәселелесін басты назарда ұстап отырғанын жеткізді. Сөзінше, депутаттар заңнамалық түзетулерді дайындаған.

- Бізге керегі жүйелі жұмыс. Біз тек проблеманы көтеріп, депутаттық сауалдарды жолдап отыра бермей, проблеманы жүйелі, кешенді шешу үшін арнайы түзетулерді дайындадық. Ең өкініштісі, бүгін мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы жоқ. Оны ашық айтуымыз керек. Рейтингтерді қуалаймыз деп, барлық бақылау жүйесін жоғалтып алдық. Оны да айтуымыз керек, - деп айтты депутат.

Сөзінше, бүгінде ең ірі жұмыс берушінің бірі – ол әкімдік. Бірақ ол қазір әкімдіктің қарамағында.

Қазір тіпті еңбек инспекциясының тексеруге ешқандай құқығы да қалмады. Бұрын құқығы тәуекелдер картасы бойынша болған, қазір одан да айырылып қалды. Яғни қазір ешқандай кәсіпорынға дер кезінде барып, тексеру мүмкіндігі жоқ, - деп түсіндірді ол.

Сөзінше, депутаттар ұсынып отырған түзету бойынша еңбек инспекциясына тиісті мекемеге барып, тексеріп, 3 күннің ішінде тиісті хаттаманы беріп, тексерісті тіркеуге мүмкіндікті беру көзделіп отыр. Аймағамбетов айтып өткендей, қазіргі заңнамада еңбек инспекциясы ешқандай мекемені тексере алмайды. Депутат осы мәселені назарда ұстап, тиісті заң қабылдау керегін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале