12.09.2022, 10:15
Оқылды: 5

Айналымнан шығарылған жоқ

2006 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады. Олар 200 теңгелік мәнеттермен қатар айналыста болады және оларды төлемдердің, банк операцияларының, аударымдардың барлық түрлері бойынша қабылдауға тиіс.

8

Банкноттар айналымнан табиғи тозуына қарай шығарылады.

9

200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тиісті шараларды қолға алу үшін Ұлттық банктің филиалына өтініш түсіру қажет. Ол үшін 200 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тарту оқиғасын бейнекамераға түсіруді немесе бас тартудың жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі»

РММ БҚО филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале