18.07.2022, 9:30
Оқылды: 33

Айыппұл ұлғайып, жаза қатаңдатылды

Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды.

колик2

Аталмыш заңда жол-көлік ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа әкімшілік жауапкершіліктер көзделген. Оқырмандар осы жаңалық жөнінде сұрап, редакцияға хабарласуда. Біз бұл жайында БҚО Полиция департаменті жанындағы әкімшілік практика бөлімше бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Батырхан Салимовтан сұраған едік.
Батырхан Табузұлының айтуынша, көлік құралын мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнсіз екінші қайтара айдаған жүргізушіге (590-бап, 2-1-тармақ) 20 АЕК мөлшерінде айып­пұл салынады немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айырады. Бұрын мұндай талап болған жоқ. Сондай-ақ көлікті жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен басқаратындар (590-бап, 4-тармақ) үшін жауапкершілік күшейтіліпті. Енді мұндай заңбұзушылық жасағандар бір жылға көлік жүргізуші куәлігінен айырылады немесе 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Бұрын оларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салатын немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айыратын еді.

Ясипа Рахимқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале