9.08.2025, 20:00
Оқылды: 728

«Ақ бидай–2025»: Ақжайық дегеніне жетті, Шыңғырлау сенсация жасады

Батыс Қазақстан облысында ауыл спортын дамытуға бағытталған ең ауқымды шара – «Ақ бидай–2025» облыстық ауыл спорты спартакиадасы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған дүбірлі дода биыл ерекше тартысты өтті.

590bdbc8-39bd-4b79-bfcb-c16f22a27984

Бұл – жай ғана жарыс емес, ауыл спортшыларының бірлігі мен рухын, елге, жерге деген сүйіспеншілігін көрсеткен нағыз спорт мерекесі болды.

Облыстың 12 ауданынан 1104 спортшы қатысқан бұл спартакиада 15 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, аударыспақ, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкпар, қазақ күресі, теңге ілу, тоғызқұмалақ, “Толағай” алыптар сайысы, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, қол күресі және гір спорты секілді ұлттық, зияткерлік және дене дайындығын қажет ететін спорт түрлері қамтылды.

3dc1e8f0-9755-49ae-a868-82ecb273b258Бұл жарыс – ауылдағы шынайы спорт шеберлерін шыңдап, ел ішіндегі таланттарды танытатын маңызды алаң. Спартакиада қорытындысы бойынша үздік командалар мен жекелеген спортшылар марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Енді ауыл жастарының арасынан болашақ чемпиондар шығатынына сенім артуға толық негіз бар.
Аударыспақ: Тақымы мықты Жәнібек алда
Соңғы жылдары ауылдық жерлерде қарқынды дамып келе жатқан бұл спорт түрінен 12 ауданның 10-ы бақ сынады. Бәйтерек және Шыңғырлау аудандары ғана аударыспаққа команда қоса алмады.

bcbbc0ed-863b-40d0-8976-5dceb954af44
1-орын – Жәнібек
2-орын – Жаңақала
3-орын – Ақжайық
Асық ату: Ақжайық асықшылары озып шықты
Ептілік пен шапшаңдықты талап ететін асық ату жарысына 12 ауданның 11-і қатысты. Тек Казталов ауданы бұл бәсекеге спортшы шығара алмады.
1-орын – Ақжайық
2-орын – Сырым
3-орын – Шыңғырлау
Дәстүрлі садақ ату: Нысана дәлдігін Ақжайық дәлелдеді
12 ауданның 10-ы қатысқан бұл сайыста Казталов пен Бәйтерек аудандарының садақшылары көрінбеді.
1-орын – Ақжайық
2-орын – Сырым
3-орын – Жаңақала
Жамбы ату: Тасқала мергендері топ жарды
Ат үстіндегі мергендік сайысқа 9 аудан қатысты. Бәйтерек, Қаратөбе, Теректі аудандары шет қалды.
1-орын – Тасқала
2-орын – Ақжайық
3-орын – Бөрлі
Көкпар: Шыңғырлау тарихта алғаш рет бірінші болды
Бұл ұлттық спорт түріне 12 ауданның 8-і команда қосты. Бәйтерек, Бөкей Орда, Тасқала, Теректі аудандары қатысқан жоқ.
1-орын – Шыңғырлау
2-орын – Қаратөбе
3-орын – Ақжайық
Қазақ күресі: Сырым палуандарының асығы алшысынан түсті
Бозкілем бәсекесіне барлық ауданның спортшылары қатысты.
1-орын – Сырым
2-орын – Қаратөбе
3-орын – Тасқала
Теңге ілу: Жәнібек жеңіске жетті
8 команда бақ сынаған теңге ілу сайысына Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Теректі қатысқан жоқ.
1-орын – Жәнібек
2-орын – Шыңғырлау
3-орын – Тасқала
Тоғызқұмалақ: Сырымдықтардан бес дүркін жеңіс 12 ауданның 11-і қатысқан зияткерлік бәсекеде Казталов қалыс қалды.
1-орын – Сырым (2009, 2013, 2017, 2021, 2025 ж. жеңімпаздары)
2-орын – Жаңақала
3-орын – Бәйтерек
“Толағай” сайысы: Сырым – алыптар елінің символы 9 команданың арасынан Сырым алыптары дара шықты. Бәйтерек, Қаратөбе, Теректі қатысқан жоқ.
1-орын – Сырым
2-орын – Бөкей Орда
3-орын – Тасқала
Волейбол: Бөрлі мен Теректі жеңімпаз атанды.
Ерлер:
1 - орын - Бөрлі
2 - орын - Қаратөбе
3 - орын - Бәйтерек
Әйелдер:
1 - орын - Теректі
2 - орын - Ақжайық
3 - орын - Бәйтерек
Шағын футбол: Казталов чемпион, Шыңғырлау тағы да жарқ етті
Барлық аудан қатысқан футбол додасында
1-орын – Казталов
2-орын – Шыңғырлау
3-орын – Бәйтерек
Үстел теннисі: Бәйтерекке жеңіс бұйырды
Қызықты әрі тартысты жарыста
1-орын – Бәйтерек
2-орын – Тасқала
3-орын – Бөрлі
Қол күресі: Жәнібек күштілігін дәлелдеді
Теректі мен Казталов қатыспаған жарыста
1-орын – Жәнібек
2-орын – Ақжайық
3-орын – Қаратөбе
Гір спорты: Бөрлі – алтын, Шыңғырлау – күміс, Бәйтерек – қола
Казталов пен Қаратөбе бұл сынға қатысқан жоқ.
1-орын – Бөрлі
2-орын – Шыңғырлау
3-орын – Бәйтерек
Жалпыкомандалық есеп: Ақжайық биікте, Шыңғырлау жарқ етті, Бөрлі – мықтылар қатарында.

4f907bea-0454-425d-be41-0d37fce9a11b
Мыңнан аса спортшының қатысуымен өткен үш күндік дүбірлі дода қорытындысында:
1-орын – Ақжайық ауданы
2-орын – Бөрлі ауданы
3-орын – Шыңғырлау ауданы
Ақжайық ауданы – өзара ынтымағы мен жүйелі дайындығының арқасында барлық жарыста үздік нәтиже көрсетті.
Бөрлі ауданы – бұған дейінгі 2013, 2017, 2021 жылғы спартакиадалардың жеңімпазы ретінде жоғары деңгейді сақтап, күміс жүлде еншіледі.
Шыңғырлау ауданы – көпшілікті таң қалдырып, тарихында тұңғыш рет үздік үштікке еніп, сенсация жасады.
Алда – республикалық сын
«Ақбидай–2025» облыстық спартакиадасы аяқталғанымен, басты жарыс әлі алда.

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале