3.04.2024, 20:00
Оқылды: 30

«Ақ марафон» жеңімпазы атанды

Ақмола облысы Сандықтау ауданына қарасты Балкашино ауылында олимпиада ойындарының күміс жүлдегері В.Сахновқа арналған «Ақ марафон» атты дәстүрлі шаңғы жарысы өтті.

IMG-20240403-WA0094

Қазақ елінің үздік шаңғышылары бақ сынайтын марафонға биыл 2 мыңнан астам шаңғышы қатысты. Олар жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер және ардагер спортшылар арасында кім мықтыны анықтады. Аталмыш жарысқа қатысқан облыс шаңғышылары да жақсы нәтиже көрсетті.

Алдымен 10 шақырым қашықтықта 2008-2009 жылғы қыздар арасында бақ сынаған Жанерке Тудахунова қарсыластарынан қара үзіп, жарыс жеңімпазы атанса, 2006-2007 жылғы ер балалар арасында 30 шақырым қашықтыққа жүгірген Дамир Қабекесов те қарсыластарын қапы қалдырып, «Ақ марафонның» жеңімпазы атанды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале