9.02.2017, 19:29
Оқылды: 50

Әкім жұмысына оң баға

????????????????????????????????????

  Тасқала ауданында төрт медициналық мекеменің, үш орта мектептің ғимараттары көптен күрделі жөндеу көрмеген.

  Екі ауылдың емдеу мекемелерін «Жедел жәрдем» көлігі қажет.

  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығында екі қабатты 28 пәтерлік екі үйді салу жобасы жүзеге асса, кезекте тұрған 205 адам баспаналы болар еді.

  Аудан аумағымен өтетін «Алматы-Мәскеу» жолаушылар пойызын Шипов стансасына көбірек аялдаса.


  Бұл  тасқалалықтардың аудан әкімі Санжар Әлиевтің халық алдындағы қорытынды есеп беру жиынында айтқан өтініш-тілектері.

  Жиынға қатысу үшін ауданға арнайы іссапармен келген облыс басшысы Алтай Көлгінов соңғы сауал бойынша мәселені қойын дәптеріне түртіп алғандығын, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның басшылығымен сөйлескеннен кейін ғана толық жауап бере алатынын жеткізді.

  Еңбек ардагері, белгілі өлкетанушы Ғ.Хисамединов Көшім-Шежін суарнасының қайтадан тазартылып, халыққа, малға өте қолайлы жағдай туғанына көңілі толатындығын жеткізді және осы үлкен шаруаны қолға алып, нәтижелі аяқтап шығуға жұмыстанып жатқан Алтай Сейдірұлына елдің атынан алғыс айтты.

  Есептік кездесу соңында тұрғындардың аудан әкімінің жұмысына берген оң бағасын қаперге алған өңір басшысы Санжар Әлиевтің еңбегіне жақсы баға берді.

  Сапар барысында өңір басшысы «Тасқала сүт» сүт қабылдау пунктінде, жергілікті кәсіпкер Қ.Тасқалиевтің жаңадан салған қонақ үй кешенінде болды.

Тоқтар Кенжеғалиев

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале