Әкімдіктерге ғылымды қаржыландыру құқығы берілмек. Мұндай жаңашылдық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген.
«Әкімдіктерге ғылымды қаржыландыру құқығын беру ұсынылады. Заң жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреттерін кеңейтуге қатысты маңызды жаңалық ұсынылды. Мұндай шешім өңірлерде ғылыми әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалануға ықпал ете отырып, ғылымның дамуындағы өңірлік ерекшеліктер мен қажеттіліктерді барынша ескеруге мүмкіндік береді», - деді заң жобасы туралы баяндама жасаған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, осыған орай әкімдіктер өңірлердегі проблемаларды шешуде ғылыми зерттеулерді пайдалануға мүмкіндік алады.
«Заң жобасына "ғылыми этика" ұғымы енгізіліп отыр. Бұл норма ғылыми зерттеулердің сапасы мен жауапкершілігін арттыруға, академиялық адалдық қағадаттарын сақтауға бағытталып отыр», - деді Мәжіліс депутаты.