«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының ауқымында облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмысын жалғастыруда.

Сурет: istockphoto.com
Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторингтің және уәкілетті мемлекеттік құрылымдармен бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде облыс аумағында 132 қоқыс үйіндісі тазаланды.
Заңсыз қоқыс үйіндісін жою бойынша тиісті шаралар қабылдамағаны үшін прокурорлық қадағалау актісі негізінде (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 344-бабының 3-бөлігімен) Орал қаласының Круглоозерный кентінің әкімі жазаға тартылды. Одан 432 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілді.
Қалған рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмысы жалғасуда және табиғат қорғау прокуратурасының тұрақты бақылауында.