Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аудандық партиялық бақылау комиссиясына келген тұрғындар ұзақ уақыттан бері Ақоба ауылындағы мектептің жағдайын жеткізіп келді. Бұл мәселені партия филиалы да назарға алып, 2023 жылы Х. Халиуллин атындағы мектепке жаңа ғимарат салынды.

Ақоба ауылындағы өткен ғасырдың 60 жылдарында салынған ғимаратта ешқандай қолайлы жағдай жасалмаған. Х. Халиуллин атындағы ЖОББМ талай талантты түлекті оқытқан қасиетті қара шаңырақ. Бұл білім ордасында оқитын бала саны аз болса да, сапалы білім алып, ел мүддесіне қызмет етіп жүрген шәкірттер саны аз емес. Алайда ұзақ уақыттан бері ұстаздар мен шәкірттерді толғандырған мәселе – бұл мектептің күрделі жөндеу мәселесі. Бұл сұрақты ауыл тұрғындары жергілікті билік өкілдеріне, түрлі алаңдарда көтеріп келген. «AMANAT» партиясы аудандық бақылау комиссиясы ұсынысымен партия филиалы бұл мәселені назарға алып, сайлауалды уәделер қатарына қосты.

2023 жылы «AMANAT» партиясы 2023-2027ж.ж. арналған сайлауалды бағдарламасы аясында Х. Халиуллин атындағы мектепке күрделі жөндеу емес, ескі ғимараттың орнына жаңа заманауи мектеп салынды. Бұл сәтті ұзақ күткен ауыл тұрғындарының партияға алғысы зор. Бұл сайлауалды уәделердің орындалуының айқын дәлелі.

- «Ақоба ауылындағы жаңа мектеп барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған спорт зал, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға арналған акт зал, асхана, шеберхана кабинеттерімен толық жабдықталған. Қыздар қолөнер үйірмесі қатысушылары мектептегі терезе жабындарын да өз қолдарымен дайындауға мүмкіндік алып отыр. Ұзақ уақыт ауыл тұрғындарының басты мәселесіне айналған сұрақта «AMANAT» партиясы мәселенің оң шешімін табуға күш салды» - деді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қайырғалиев.

Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бері партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 8800 орындық 29 білім беру нысандары бой көтерген.
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы