29.05.2023, 9:30
Оқылды: 34

Ақорда Тоқаевтың 2 маусымға дейінгі жоспарын жария етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі telegram каналында хабарланды. 

daa-0884-2_mediumThumb
Фото: akorda.kz

Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале