8.02.2024, 9:00
Оқылды: 46

Ақпанда Ұлттық құрама спортшылары лицензия берілетін 17 жарысқа қатысады

Қазір Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 8 спорт түрінен 19 лицензиясы бар (садақ ату – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, нысана көздеу – 5, қазіргі бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1).

Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы жазды.

Олимп 2024

Олимпия ойындарына дейін барлығы 69 лицензиялық жарыс қалды. Оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты мен 57 рейтингтік турнир бар. Ал ақпанда Ұлттық құрама спортшылары спорттың 18 түрі бойынша лицензия үлестірілетін 17 жарыста өнер көрсетеді. Мәселен, дзюдо, семсерлесу, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және батуттағы гимнастика бойынша сынға түсетін спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын рейтингтік ұпай беретін жарыстарға қатысу арқылы жеңіп алатын болса, су спорты түрлері, бокс, жеңіл атлетика өкілдері төртжылдықтың басты жарысына іріктеу турнирлері арқылы тікелей жолдамаға иелік ете алады.

«Биылдың басты оқиғасы деп 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарын айтуға болады. Әр төрт жылда бір рет өткізілетін додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Сондықтан қазіргі таңда басты мақсат – қысқа мерзімде мейілінше көп лицензия алу. Құрама көшбасшылары әр спорт түрінің ерекшелігі, спортшының қажеттілігі, медициналық-биологиялық тұрғыда қамтамасыз етілгені, оның ішінде физиотерапия, оңалту мен жарақаттардың алдын алу, психологиялық қолдау және жарысқа дайындық кезінде күйзелісті жеңу сияқты жағдайлар ескерілген жеке жоспар бойынша дайындалады», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале