11.01.2022, 10:16
Оқылды: 60

Ақпараттық хабарлама

Өңірдің тыныс-тіршілігіне қатысты облыс тұрғындарын толғандыратын тақырыптарға жауап беру үшін сұрақтар жинағы жарияланатынын хабарлаймыз.

5
Сұрақтарды +7-775-002-50-29 WhatsApp нөміріне немесе [email protected] электрондық пошта арқылы жолдауға болады. Сұрақтар 2022 жылдың 18 қаңтарына дейін қабылданады.
Облыс жұртшылығын мазалайтын ең өткір сұрақтарға 2022 жылдың 20 қаңтарында «Aqjaiyq» телеарнасының тікелей эфирінде облыс әкімі Ғали Есқалиев, сондай-ақ құзыретті органдардың басшылары жауап береді.
Қалған сұрақтарға жауаптар тұрғындар көрсеткен кері байланыс нөмірлеріне немесе электрондық пошталарға жолданады.
Назар аударыңыз, сұрақтар көрсетілген үлгіге сай толтырылған кезде ғана қабылданады.
Сонымен қатар аймақта интернет байланысына шектеу қойылғанын естеріңізге саламыз.

ҮЛГІ
Т.А.Ә.: Азаматов Азамат Азаматұлы
ЖСН: 000000000000
Тұрғылықты мекенжай: Орал қаласы, Абай даңғылы №1 үй, 1 пәтер
Байланыс: +7 777 777 77 77 немесе [email protected]
Сұрақ: сұрақ мәтіні

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале