25.11.2021, 10:05
Оқылды: 62

АҚШ "демократия саммитіне" шақырылған мемлекеттер тізімін жариялады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында Джо Байден ұйымдастырған "демократия саммитіне" шақырылған мемлекеттер тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

photo_90244

Мемлекеттік департамент шақырған виртуалды іс-шараға 110 ел қатысады, ол 9-10 желтоқсанда бейнеконференция түрінде өтеді, тізімде Қытай, Ресей және Қазақстан жоқ. ЕО-ға мүше елдерден Венгриядан басқасы шақырылған.

АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы Түркия да саммитке шақырылмаған. Алайда Байден әкімшілігі Польша, Үндістан және Филиппинді шақырған. Бұрынғы КСРО елдері арасында Украина, Армения, Грузия, Молдова, Литва, Латвия және Эстония шақырылған. Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан қатысушылар қатарында жоқ.

Жарияланған тізімге сәйкес, шақырылғандар арасында Сауд Арабиясы, Парсы шығанағындағы араб елдері, Иран, КХДР, Венесуэла, Никарагуа, Судан және Эфиопия, сондай-ақ, Африка, Латын Америкасы және Азияның бірқатар елдері жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале