28.06.2026, 15:30
Оқылды: 8

АҚШ пен Қазақстан су тасқынының алдын алу үшін бірікті

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, вице-министр Аслан Абдраимов АҚШ Елшілігінің және қар жамылғысын әуе арқылы мониторингтеуге маманданған Dynamic Aviation және Airborne Snow Observatories Inc. компанияларының өкілдерімен кездесті.

_gluster_2026_6_25_1e47753b5c8ae5269223cfb4fc30e157_1280x720

Фото: gov.kz

Тараптар заманауи авиациялық технологияларды қолдана отырып, қарды бақылау, су тасқынын ерте ескерту және көктемгі су ағынын болжау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша бұл бағдарламаны кезең-кезеңімен іске асыру туралы шешім қабылданып, алғашқы жұмыстар сынақ ретінде Жабай өзенінің бассейнінде жүргізілетін болды. Мұнда авиация көмегімен қар көлемі жоғары дәлдікпен өлшеніп, алынған ақпарат министрліктің жүйелеріне енгізіледі.

Бұл әдіс отандық мамандарды оқытуға және жобаны еліміздің басқа өңірлеріне кеңейтудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келешекте бұл технологияны Қазақстанның барлық аумағына масштабтау, су тасқыны тәуекелдерін азайту және климаттық тұрақтылықты арттыру көзделген.

Вице-министр Аслан Абдраимов бұл жобаның су тасқыны қаупін төмендетіп, халықты, инфрақұрылымды және ауыл шаруашылығын қорғауға мүмкіндік беретін тиімді құрал болатынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале