19.05.2022, 16:44
Оқылды: 54

АҚШ-та коронавирус әсерінен миллионнан астам адам қайтыс болды

Коронавирустың әсерінен АҚШ-та миллионнан астам адам қайтыс болды. Мұндай деректерді Джонс Хопкинс университеті өзінің ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

8F5F4F61-6301-4DF4-92E6-0F48CB1F5511

Ұсынылған мәліметтер бойынша, COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 19 мамырда 1 028 014 адамға жеткен.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері АҚШ-та таралатын коронавирустың америкалық түрі инфекция жылдамдығы бойынша ең қарқынды болғанын атап өтті. Бұл нұсқа көптеген Штаттарда басым болып саналады», - делінген ВАК мәліметінде.

Бұған дейін ДДҰ тестілеудің қысқаруына байланысты коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар туындағанын мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале