АҚШ-тың Луизиана штатының оңтүстік-батысында орналасқан химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі American Press агенттігіне сілтеме жасап.
Westlake Chemical South компаниясының өкілі жарылыс таңертеңгі сағат 11 шамасында этилендихлоридті сақтауға арналған жерде болғанын хабарлады. Жарылыс салдарынан кем дегенде алты адам зардап шекті.