20.01.2024, 12:30
Оқылды: 48

АҚШ-тан есірткі салынған ойыншықтарға тапсырыс берген адам 10 жылға сотталды

АҚШ-тан есірткіге тапсырыс берген Қазақстан азаматы 10 жыл 6 айға сотталды. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20240120-WA0063Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Үкім бойынша кінәлі тұлға сот үкімімен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа айыпкердің АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді. Есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар да енді»,-делінген баспасөз-баянында.

Дереккөз: Казинформ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале