14.09.2022, 9:30
Оқылды: 85

АҚШ-тың Миннесота штатында 15 мыңға жуық медбике наразылық шеруіне шықты

Миннесота штатының Миннеаполис және Дулут қалаларындағы жеті Денсаулық сақтау жүйесінің 15 мыңға жуық медбикесі үш күндік ереуілге шықты, бұл ел тарихындағы ең үлкен наразылық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

220913153457060e

Миннесота медбикелер қауымдастығының қызыл футболкаларын киген медициналық қызметкерлер ауруханаларда медбикелер мен көмекші қызметкерлерді көбейтуді және жалақыны көтеруді талап етті.

АҚШ-та тіркелген медбикелердің ең ірі кәсіподағы мен кәсіпқой қауымдастығы саналатын Ұлттық медбикелер Бірлестігінің тең төрағасы Жан Росс ел бойынша көптеген медбикелер жалақы мен қызмет мәселесіне байланысты жұмыстан бас тартып жатқанын айтты.

Ауруханалар үш жыл ішінде жалақыны 10-12% арттыруды ұсынды, бірақ медбикелер 30% -дан асыруды талап етеді. Аурухана басшылары мейірбикелердің талаптары қисынсыз екенін, жалақының күрт өсуіне байланысты шығындар пациенттердің мойнына түсетінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале