24.09.2021, 17:44
Оқылды: 40

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Ресейге қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады

АҚШ Өкілдер палатасы Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді мақұлдады. 1 қазаннан басталатын келесі қаржылық жылға арналған қорғаныс бюджетінің жобасын мақұлдау барысында Ресейге қарсы санкцияларды күшейту де мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz BBC ақпаратына сілтеме жасап.

ф

Бастаманы Конгресстің 316 мүшесі қолдап, 113-і қарсы болды.

Бюджет жобасына АҚШ азаматтарына нарықта Ресейдің мемлекеттік қарызымен операциялар жүргізуге тыйым салатын түзету енгізілді.

Бұл түзетуді Калифорния штатының өкілі, демократ Брэд Шерман ұсынды. Түзетуге сай, қайта шығарылған ресейлік облигацияларды АҚШ азаматтары бастапқы нарықта да, екінші нарықта да сатып ала алмайды.

Bloomberg агенттігі хабарлағандай, Ресейдің Орталық банкі, Ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) және Федералды казначейство шығаратын қайтару мерзімі 14 күннен асатын кез келген валютадағы облигацияларға тыйым салынады.

Сондай -ақ жобада АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің 35 ресейлікке қарсы санкция енгізу мәселесін қарау ұсынысы туралы түзету бар. 35 тұлғаның арасында премьер-министр Михаил Мишустин, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова, Мәскеу мэрі Сергей Собянин, кәсіпкерлер Роман Абрамович, Алишер Усманов, Олег Дерипаска, сонымен қатар RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян, тележүргізуші Владимир Соловьев, Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст және т.б. бар.

Бұл тізімді оппозиция лидері Алексей Навальныйдың серіктері Леонид Волков пен Иван Жданов ұсынған – олар тізімді 2021 жылдың ақпанында Еуроодақ пен АҚШ өкілдеріне тапсырды. Толық тізімді күні кеше Twitter-де Хельсинки комиссиясының мүшесі һәм конгрессмен Пол Массаро жариялады.

Бірқатар ресейліктерге қарсы енгізілетін шектеулерден басқа қорғаныс бюджетінің жобасында "Солтүстік ағын-2"-ге қарсы жаңа санкциялар қарастырылған. Егер бұл жоба қабылданса, АҚШ президенті бастама күшіне енгеннен кейін 15 күннен кешіктірмей, "Солтүстік ағын-2" құрылысына қатысы бар тұлғалар мен компанияларға қарсы шектеулер енгізуге міндетті болады.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале