30.05.2022, 18:00
Оқылды: 99

АҚШ-тың Оклахома штатында жас жігіт бір адамды атып өлтіріп, 7-еуін жаралады

Ер адамды Тафт қаласында (Маскоги округі, Оклахома штаты) атыс ұйымдастырғаны үшін қамауға алған. Атыс салдарынан бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат HUFFPOST-қа сілтеме жасап.

07

Оклахама штаты Тергеу бюросының мәліметінше, 26 жастағы Скайлер Бакнер Маскоги округі шерифінің кеңсесіне келген. Оған қамауға алу ордері берілген. Куәгерлердің айтуынша, бірінші қатты жанжал туындаған, содан кейін оқ атылған дауыстар естілген. Салдарынан 39 жастағы әйел мерт болған, жарақат алғандар арасында кәмелет жасқа толмаған бір адам бар. Зардап шеккендердің жасы 9-56 аралығында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале