14.10.2022, 9:45
Оқылды: 50

Ақша айырбастау орындарында доллар 475 - 481 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475 - 481 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

dollary (1)

Фото дереккөзі: alau.kz

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 - 479,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 477 - 481 теңге аралығында құбылып тұр.

13 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,13 теңгеге қымбаттап, 479,05 теңге болған.

Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 479,32 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 7,57 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7 - 7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале