Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,21 теңгеге өскен. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 510 теңге. Ұлттық банктің 9 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 503,30 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 518,5 теңге, сатып алу – 524, 5 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 511,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 517,5 теңге. Айта кетейік, бүгін Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, 9 наурызда «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.