24.12.2024, 10:15
Оқылды: 258

Ақша айырбастау орындарында рубль қымбаттап, доллар арзандады

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 512-527 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазды ҚазАқпарат.

IMG_6001

Сурет: pexels.com

Ұлттық банктің 24 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,20 теңге. Еуро — 544,09.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527,1 теңге. Еуро 543 — 548 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 538 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,59 теңгеге төмендеп, 523,36 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале