15.11.2024, 10:15
Оқылды: 42

Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 493 – 498 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің 15 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 493,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге. Еуро — 519,04.

ЖП ақша 2

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 496,3 теңге. Еуро 520,5 — 524,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,82 теңгеге қымбаттап, 494,04 теңге болған.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды екенін айтты.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале