27.07.2022, 11:45
Оқылды: 99

Ақтауда үміт ақталды

Шілде айының 21-24 күндері аралығында Ақтау қаласындағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде самбо күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.

11

Чемпионатта еліміздің барлық облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларынан келген 400-ге жуық балуан бақ сынасты. Боз кілемдегі бәсекеде БҚО спортшыларының бәсі биік болып, жүлделі оралды.

10

Олардың ішінде Алдияр Сайын (88 келі) ІІІ орынды, Әсел Мұратова (72 келі) ІІІ орынды және Зарина Ерген (65 келі) ІІ орынды иеленіп қайтты. Айта кетейік, Алдияр қазіргі таңда Орал қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінде оқып жүр.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы уақытта Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады. Сәттілік тілейміз!

Нұртілеу Қадырқұл,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале