25.12.2024, 15:30
Оқылды: 303

Ақтаудағы ұшақ апаты: Президент тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды

Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_6285
Сурет: ТЖМ

Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Біздегі ақпарат бойынша ол Ақтауға бара жатыр.

Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.

ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале