Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен 5 бірлік техникасы Батыс Қазақстан облысында болған құрғақ шөптің өртін сөндіруге көмек көрсету үшін жолға шықты. Бұл туралы ҚР-ның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Фото: t.me/qr_tjm
Естеріңізге сала кетейік, дала өрттерін жедел сөндіру үшін Астанадан Қазавиақұтқару-875 тікұшағы ұшқан болатын.