10.06.2022, 16:00
Оқылды: 180

«Ақын» фильмі Бразилиядағы фестивальде жүлдеге ие болды

Маусымның 1-і мен 9-ы аралығында Бразилияда өткен Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі «Басқа көзқарастар» бөлімінде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6073E524-61B0-4089-99AD-D08EF8229CA0

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы таратқан мәліметке сенсек, фестивальдің бұл бөлімінде әлемдік кинематографияның жаңа туындылары мен басқа фестивальдерде танымал болған картиналар көрсетілді. Оған 10 елден небәрі 8 фильм ұсынылған.

«Ақын» фильмінің Қазақстаннан шалғайда, сонау Бразилияда көрсетіліп жатқанына өте қуаныштымын. Кино тобын осы бағалы жүлдемен құттықтаймын. Жаңа шоулар мен жеңістерді күтеміз», - деді Дәрежан Өмірбаев.

Сонымен қатар 10-26 маусым аралығында «Ақын» фильмі Париждегі Жорж Помпиду атындағы заманауи өнер мұражайында көрсетілетін болады.

Айта кетейік, «Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді. Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлының қилы тағдыры жайында ойға батқан басты кейіпкер нәзік жүректі ақындардың өмірі қашан да қиын болғанын түсінеді.

Фильмнің сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» атты автобиографиялық әңгімесі желісімен жазылған. Фильмдегі басты рөлді «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев сомдайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале