10.11.2022, 11:00
Оқылды: 45

"Ақжайық" аренадағы алғашқы жаттығуын өткізді

Ел кубогін шымкенттік "Ордабасы" командасымен сарапқа салатын "Ақжайық" "Астана-Арена" стадионында алғашқы жаттығуын өткізді.

hWhlvc7f3fs

Жігіттер маусымның ғана емес, жалпы Орал футболының тарихындағы маңызды ойындардың бірін жоғары деңгейде өткізуге бел байлаған.

ecSKSZnV3NA

Тоба Табатадзе, Рафаел Сабино, Лука Имнандзе, Бауыржан Омаров, Оралхан Өміртаев сынды негізгі құрам ойыншылары сақадай сай.
Команда бапкері мен ойыншылардың баспасөз мәслихаты мен БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығуы қарашаның он бірі күні өтеді.

Түгелбай Бисен,
Астана

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале