Бүгін Ақжайық ауданы орталығында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға жаңа үйдің кілті берілді.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев халықтың қуанышына ортақтасып, үйдің кілтін табыстады.
Үш қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйге су, жарық, газ да тартылған.
Ақжайық ауданында тұрғын үй кезегінде түрлі санат бойынша 454 адам тұр.
Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген, Жамбыл, Ілбішін, Ақсуат, Алмалы ауылында бір қабатты 2 пәтерлік, Чапаев ауылында екі 3 қабатты 24 пәтерлік, алты 2 пәтерлік, Тайпақ ауылында бір 2 қабатты 12 пәтерлік коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжат дайын.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер