7.03.2023, 11:46
Оқылды: 30

«Ақжайық» бапкері команданың оқу жаттығу жиыны жайында пікір білдірді

 "Ақжайық" бас бапкері Игорь Прохницкий клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында Өзбекстанда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны жайында айтып берді.

7dbd9913-0753-47b6-bce7-1081d3df075d

-Осы жиынға жоспарлаған бағдарламаны толықтай іске асырдық десе де болады. Бұл жақтағы жағдай жаман емес. Жаттығу жұмыстарын ойдағыдай өткізудеміз. Біраздан бері елден жырақ жүрген футболшылар маусымалды дайындықтың қиындығына төзіп келеді.

«Машал» командасына қарсы өткен ойында тәжірибелі футболшылар команданы жетелей білді. Жастар да толқынға ілесіп, ойын сәнін кіргізді. Күн өткен сайын ойыншылар бабына еніп келеді. Алда жаттығу жиынымыздың бір аптасы бар. Наурыздың 9-ы күні тағы бір жолдастық кездесу өткіземіз. Одан соң Шымкент қаласына аттанып, ел кубогі жолындағы бәсекеге араласамыз.

Тағы айта кететін жайт, команда әлі де күшейе түседі.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале