«Ақжайық» – «Елімай» футбол клубтары арасындағы UBET бірінші лига матчы тең есеппен аяқталды.
Бірінші таймда кім мықтыны анықтай алмаған қос ұжым ойынның екінші бөлігін де қарқынды өткізді.
65-минутта Арман Смаилов Жайық жұртын желпіндіріп, командасын алға шығарғанымен «Елімай» көп ұзамай Берік Айтбаевтың көмегімен есепті теңестірді.
Осылайша батыс пен шығыстың маусымдағы алғашқы «шайқасы» итжығыспен аяқталды.
zhaikpress.kz