16.03.2023, 16:45
Оқылды: 3

"Ақжайық" ФК-ның капитаны Бауыржан Омаров "Akas" командасына қарсы өткен матч туралы ойын айтты

"Ақжайық" капитаны Бауыржан Омаров "Akas" командасына қарсы өткен матч туралы өз ойын білдірді.

4dbc85a2-2989-4a2d-b2eb-a3776cb31428

-Ең алдымен барша команда жанкүйерлерін маусымның ашылуымен құттықтаймын! Алыста жүрсек те, біз олардың қолдауын сезініп жүрміз.

Ал ойын туралы айтар болсам, біз үшін ел кубогі сәтті басталды. Стандартты жағдайды тамаша пайдаланып, тез гол соғып алдық. Ол жігіттердің бойына сенім ұялатып, ойынды өз бақылауымызда ұстауға мүмкіндік берді. Қарсыласымыз – жас футболшылардан құралған команда. Біз де биыл команданы жаңартып, өзіміздің жергілікті ойыншыларға сенім артып жатырмыз. Осы матч жақсы жас ойыншыларымыз бар екенін көрсетті. Бұл жеңіспен тоқтап калуға болмайды. Әлі де жұмыстануымыз керек. Алдағы ойындарға босаңсымай дайындалу қажет. Біздің жұмыс – тілеулес жанкүйерді қуанту. Жеңістеріміз ұзағынан болғай, - деді Бауыржан Омаров.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале